Молодежный кенті әкімінің есебі

Молодежный кенті қызметінің негізгі бағыттары - өнеркәсіп, шағын және орта бизнес.

Статистика бойынша ауыл тұрғындарының саны - 6480 адам, оның ішінде экономикалық белсенділер - 2966 адам.

Қалақұрушы кәсіпорындардағы жұмыспен қамтылғандардың үлесі 66% құрайды, жұмысшылар саны 1742 адам. Кентте 1015 зейнеткер, 32 тыл еңбеккері, 8 интернационалист солдат, 1 Чернобыль апатын жоюға қатысушы, 191 мүгедек тұрады.

Кентте шағын және орта бизнес қарқынды дамуда, 154 шағын бизнес тіркелген.

Шағын кәсіпкерліктің жаңа нысандары ашылды – ИП Романов азық-түлік дүкені, «ЫҚЫЛАС» ет дүкені және ИП Короленко дүкені. 10 жұмыс орны құрылды.

«Бизнес Бастау» несиелік бағдарламасы мен Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры аясында 6 адамға жалпы сомасы 22 миллион 600 мың тг. несие берілді.

Пәтер иелері коопертивін құру үшін 252000 тг. көлемінде аудан әкімінің грантын Д. Багаутдинов иеленді.

Молодежный кенті әкімінің есебі
Дата публикации
09 января 2020