The report of the akim of the rural district Shidertinskoe

Шідерті ауылдық округі әкімінің 2019 жылға есебі

 

Қарағанды облысы Осакаров ауданының Шідерті ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі мемлекеттік басқару саласында басшылық жүргізеді және ауылдық округ аумағында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді. Шідерті ауылдық округінің аймағында 159 адам тұрады, олардың ішінде: 100 – экономикалық белсенді халық, 93 – жұмыспен қамтылған халық, оған қоса зейнеткерлер – 18, мүгедектер – 14. АӘК алушы – 2 жанұя.

Ауылдық округінің аграрлық секторы 12 ЖШС, 10 КШ, 2 ФШ және 2 ЖК-тен тұрады. Жаздық егіс 10 743 га құрайды.

Дәрігерге дейінгі көмекті Л. Р. Цурикова медбикесі көрсетеді. 2019 жылдың жазында ауыл тұрғындарына жылжымалы көлікте флюрографияны өтуге мүмкіндік берілді. Бала туу – 3 адамды құрайды. Әкім аппараты мамандарымен тұрғындар арасында МӘМС шарттарында медициналық көмекті ұйымдастыру жөнінде үлкен түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Ауылды негізгі мектеп және шағын центр қызмет көрсетеді. Мектеп директоры Арбузова О. Р. осы оқу жылында «Шағын жинақты мектептерді дамыту және басқарудың көшбасшылық курстарын» меңгеруде. Жаңадан алған білімдерімен мектеп ұжымымен коучингтарда, семинарларда және тренингтерде бөліседі.

Ауылдық округінің аймағында ауылдық клуб қызмет атқарады. Боровских Л. В. мәдени-ағарту қызметкері «Сарыбел жұлдыздары-2019» номинациясында эстрадалық вокал номинациясында І-орынды иеленді.

Кітапханашы Герасеменя В. В. өзінің қызметін белсенді түрде атқарап жүр, ауылдық округінің балаларымен үлкен жұмыс жүргізілуде.

Отчет акима Шидертинского сельского округа
Дата публикации
09 января 2020