Трудовой ауылдық округі әкімінің 2019 жылы істеген жұмыстары туралы есебі

 Трудовой ауылдық округі әкімінің  2019 жылы істеген жұмыстары туралы есебі

        Өткен жыл маңызды оқиғаларға толы болды. Қазахстан Республикасының Президенті болып Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сайланды, ол қыркүйек айында «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялап, елдің одан әрі дамуына арналған міндеттерді айқындады.

    Кәсіпкерлік.

        Шағын кәсіпкерлік субъектілерін азық – түлік өнімдері мен өнеркәсіп  тауарларын сататын 9 сауда орындары құрайды.

   Агроөнеркәсіптік кешен.

        Ауылдық округтің агроөнеркәсіптік кешенін 6 ЖШС пен 28 шаруа  қожалығы құрайды.

 2019 жылы ауданы  20337  га  алқаптан дәнді дақылдардың егіні жиналды, жалпы жиналған өнім - 19598 тонна. Соның ішінде 16892 гектары ірі шаруашылық субъектісі «Еңбек 95» ЖШС егіндік жерлері. Егін орағының нәтижесінде округ бойынша егіннің орташа түсімі 10,5 ц/га құрады.

        Картоп  отырғызатын егістік алаңы  30 га құрайды,  жалпы жиналған өнім 608 тонн.

         Көкөністердің  егістік алаңы  41 га құрайды,  жалпы жиналған өнім 1260 тонн.

  2020 жылдың  01 қаңтарындағы округтегі мал басының саны:

 

           2019 жыл                                                     2019 жыл

  • ІҚМ - 1600 бас 1600 бас
  • ҰҚМ - 920 бас 920 бас
  • Жылқылар – 217 бас 185 бас
  • Шошқалар – 860 бас  860 бас
  • Құстар – 2860 бас  2860 бас

Округ бойынша жылқылар басының өсімі артты.

 

        Инфляциялық үдерістер.

        Бүгінгі күнге дейін әлеуметтік  маңызы бар азық - түлік  өнімдеріне  бөлшек  сауда бағасының өсуіне жол бермеу және оның алдын алу бойынша шағын және орта бизнес  басшыларымен  Меморандумдар  жасалды.

   Білім беру. 

        Ауылдық  округ  аумағында 1 орта  және 1 негізгі мектеп бар.

        Мектептерде  115 оқушы оқиды: Трудовой ауылында  - 80 адам; 

Степное ауылында  -  35 адам.   Мектептерде  3 жастан  5 жасқа дейін мектепке  дейінгі жастағы балаларға арналған  шағын орталықтар жұмыс істейді: Трудовой ауылында – 10 адам; Степное ауылында  - 11 адам.

Мектептер компьютерлермен жабдықталған.

        Жалпы білім беру қаражатының есебінен мектептерде 18 оқушыға   тегін  тамақ беріледі (көп балалы отбасылар).

       Кәсіптік оқыту бойынша оқу-өндірістік комбинатында Трудовой №15 ОМ базасында 100 адам оқиды.

       Дене шынықтыру және спорт.

        Ауылдық округте дене шынықтыру  және спортпен айналысу үшін 2 спорт залы бар. 

       Түрлі спорт секциялары  жұмыс істейді: футбол, валейбол, үстел теннисінен.

 

        Денсаулық сақтау.

       Округ аумағында  Трудовой аулының дәрігерлік амбулаториясы және Степной ауылының МП бар. Онда 2 медицина қызметкері жұмыс істейді. Олар  барлық алдын алу шараларын жүргізіп  отырады.

            

Мәдениет.

        Округ аумағында 2 ауылдық Мәдениет  үйі бар. Онда барлық мәдени – көпшілік  шаралар мен дискотекалар өткізіледі.

        Кітапхана қоры тұрақты түрде жаңа буын оқулықтарымен толықтырылып отырады. Кітап қоры  13000 дананы құрайды.

 

          Ішкі саясат.

          Қоғамдық – саяси жағдайдың  мониторингі  жүргізіліп отырады.Діни ахуалдың картасы.  Мемлекеттік рәміздердің қолданылуы.

                 

          Жастар саясаты.

          14 жастан бастап 29 жасқа дейінгі жастардың саны 145 адамды құрайды.

          Екінші бағыт бойынша «Жас кәсіпкер» жобалары бойынша 4 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды.

          Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 2 адам әр қайсысы 505 мың теңге  сомасында мемлекеттік грант алды.

           2019 жылы үй қояндарын өсіру жобасы бойынша «Шах» ЖК  Шах Ю.Ю. - 1 млн. теңге сомасында аудан әкімінің Грантын жеңіп алды.

 

9 слайд   Халықты әлеуметтік қорғау.

          Ауылдық округ  халқының саны – 930 адам.

           Халықтың экономикалық белсенді бөлігі – 571 адамды құрайды. Оның ішінде:  жұмыспен қамтылған халықтың бөлігі  571 адам; олардың 136 адамы – өзін – өзі жұмыспен қамтығандар. Барлық экономикалық белсенді емес халықтың саны – 359 адам (мектеп жасына дейінгілер, оқушылар, зейнеткерлер, мүгедектер, студенттер).

         Жұмыспен қамту  орталығында  тіркеуде тұрған жұмыссыздар жоқ.

         2019 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамту» жобасы бойынша 3 адам кочегар мамандығы бойынша қысқа мерзімді курстан өтті.

         Жұмысқа орналасу – 30 адам (30 адам – тұрақты).

         Тұрғын үй көмегін алатындар – 6 адам. АӘК алатындар - 10 отбасы.

         Жастар практикасы – 2 адам.

         Ақылы - қоғамдық жұмыстарда  2 адам жұмыс істеді. Олар тікелей округтің санитарлық тазалау жұмысымен  айналысты.

          Медведева Ирина Валерьевна саны бес адамнан тұратын жалғызбасты қарт зейнеткерлерді күту бойынша жеке әлеуметтік көмекші болып бекітілді.

         Округ аумағында  22 мүгедек  тұрады.

Золин И.М.  көру қабілеті жөнінен  I топтағы мүгедек   Л.И.Соломонованың жеке көмекшісі  болып бекітілді. Әлеуметтік қызметкер Костырко Ирина Петровна  3 мүгедек балаға үйде қызмет көрсетеді.

 

Сумен қамтамасыз ету.

          Трудовой селосындағы су құбырлары желісінің жалпы ұзындығы 14 км құрайды. «Трудовой  ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ су құбырының теңгерім ұстаушысы болып табылады. Сумен жабдықтауға жауапты тұлға – Петриди Михаил Иванович. Су құбырынан суды пайдаланғаны үшін адам басына төленетін ақы мөлшері айына 450 теңге, колонкадан 350 теңгені құрайды. Судың сапасы стандарттарға сай келеді. Степное ауылын сумен қамтамасыз ету – орталықтандырылмаған.

                

          Жылумен жабдықтау.

          Әлеуметтік – мәдени, тұрмыстық объектілерге жылу беру жұмысы штаттық режимге сай өтеді.

 

          Энергиямен  қамтамасыз ету.

          Ауылдық округті энергиямен қамтамасыз ету тәулік бойы жүргізіледі.

 

  Абаттандыру.

         Елді мекендердің сыртқы көрінісін жақсарту үшін округ аумағында абаттандырудың екі айлықтары өткізіліп тұрады. Сонымен қатар «Таза бейсенбі», «Сенбіліктер» тазалық күндері өткізіледі. Бұлардан басқа ауылдың әр тұрғыны өз ауласын  абаттандыру бойынша жұмыстарын жүргізумен қатар, аулаға жапсарлас аумақты жинастырады, дуалдарды сырлау, үйлердің фронтондарын жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Өткен жылы  200 га аумақ тазаланды, 1000 тонна күл – қоқыс пен қи шығарылды, 2 га шыралжың оталды.

          2019 жылы ҚБШ шотынан Юбилейный көшесінің бойында балалар ойын алаңын орнатуға 2 466 560 теңге сомасында қаражат бөлінді. Сонымен қатар иесіз объектілерді жоюға және Трудовой ауылы мен  Степной ауылында рұқсат етілмеген қоқыстарды шығаруға 350 000 теңге сомасында қаражат бөлінді.

 

12 слайд   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес.

          2019 жылы «Трудовой ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ  6 заңды тұлға мен жеке тұлғаның өтініші келіп түсті. Өтініштер сапалы әрі белгіленген мерзімде қаралды.

         Әкімдіктің ғимаратында азаматтардың өтініштеріне арналған урна, сенім телефоны, шағымдар мен ұсыныстар кітабы бар.

 

          Мемлекеттік қызметтерді көрсету.

          Барлық халыққа көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны - 5. Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсету үшін ауылдық округ әкімінің аппаратында «Электрондық Үкімет» порталының өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы бар.

                   

«Трудовой ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жұмыстағы бар күш – жігері жергілікті халықпен бірлесіп еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқан бағдарламалар мен міндеттерді орындауға бағытталады.

 

 

  Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
09 января 2020