Қарағанды облысы Осакаров аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы

Қарағанды облысы Осакаров аудандық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 14 бабының 3 тармағына, 113-1-бабына сәйкес Осакаров аудандық сайлау комиссиясының 2024 жылдың 9 қарашасындағы № 58 шешімімен Осакаровка кенті және Шідерті ауылдық округі әкімдерін сайлау 2024 жылдың 17 қарашасына тағайындалғанын хабарлайды.

Әкім болуға кандидаттарды ұсыну мерзімі: 2024 жылдың 10 қазанынан басталып, 2024 жылдың  22 қазанында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

Әкім болуға кандидаттарды тіркеу мерзімі: барлық қажетті құжаттар ұсынылғаннан кейін басталады және 2024 жылдың 27 қазанында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

Үгіт мерзімі: 2024 жылдың 25 қазанында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2024 жылдың 16 қарашасында жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

 

Барлық сұрақтар бойынша төмендегі мекен-жайға хабарласуға болады: Осакаровка кенті, Школьная көшесі, 111. Телефоны: 8(72149)42076.

 

 

Осакаров аудандық сайлау комиссиясы

Қарағанды облысы Осакаров аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы
Дата публикации
09 октября 2024