Report Of the mayor of Zvezdny rural district

2020 жылы 1 каңтарға Звездный ауылдық округі бойынша 304 адам тұрса, оның ішінде экономикалық белсенді халық саны - 164 адам құрайды. 2019 жылда ауылдық округ аумағында – 5 бала дүниеге келді.

Ауылымызда «Алтын алқа» иегерлері – 1 адам, «Күміс алқа» иегерлері – 2 адам тұрады.

Ауылдық округ аумағында барлығы 23 шаруашылык субъектілер жұмыс жасайды, оның ішінде 16 шаруа қожалықтары, 3 жауапкершілігі шектеулі cepiктecтiк пен 1 фермерлік қожалық, 4 жеке кәсіпкер. Барлык ауылшаруашылық тауарөңдірушілердің 17 шаруашылығы егін себумен айналысса, 3 шаруашылық мал азығын дайындаумен шұғылданады.

Былтырғы жылы ауылдық округ бойынша негізгі капиталға инвестиция салуы 298 млн. теңгені құрады, бұл Звездный ауылдық  округтің шаруа қожалықтарының ауыл шаруашылық техникасын сатып алу арқасында. Өткен жылмен салыстырғанда негізгі капиталға салынған инвестициялар 187,7 млн. тенгеге өсті. Ауылдың басқа да әлеуметтік - экономикалық даму көрсеткіштері аудан көлемінде алдыңғы қатарында келе жатыр деп айтуға болады.

2019 жылда барлық астық өнімдері 6362 га жиналса, орташа есеппен гектарынан 15 ц/га өнім алынды және 1040 га майлы дақылдар жиналса, орташа есеппен 11,4  ц/га өнім алынды.

Өткен жылмен салыстырғанда жылқылар - 107  баска көбейді, ІҚМ, ҰМ, құстар – сол денгейде қалды.

Біздің студенттер мен жастар әртүрлі аудандық және басқа да іс-шараларға белсенді қатысады және жүлделі орындарға ие болады, мысалы, «Сарыарқа 2019» облыстық спартакиадасында волейболдан 1 орын, «Наурыз мейрамы 2019» мерекесіне арналған волейболдан аудандық жарыстардан 1 орын, хореографиялық жарыста 2 орын С.Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған «Сарыбел Желдіздары», Сарыарқа 2019 облыстық спартакиадасында гір көтеру және қол күресі бойынша 3 орын, «Асық ату» мектеп оқушылары арасындағы аудандық жарыстарда 2 орын және т.б.                                                                                                                                                                                                       

 

2019 жылғы ақша қаражатты салыстырып тексеру шотындағы ақшалар мынандай бағыттарға жұмсалды:

  1. Ауыл маңайын жақсарту жұмыстарына, көгалдандыру (ағаштар, көшеттер),
  2. Көше шамдарының төлемдерін төлеуге,
  3. Қысқы жолдарды тазалауға,
  4. Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын қалпына келтіру жұмыстарына.

 

 

 

Отчет Акима Звездного сельского округа
Дата публикации
09 января 2020