Батпақты ауылдық округі әкімінің есебі

Батпақты  ауылдық округінде 1884 адам тұрады.

Жергілікті атқарушы биліктің негізгі міндеті тұрғындардың жайлы және қолайлы тұруын қамтамасыз ету болып табылады.

2019 жылы Батпақты ауылдық округі әкімі аппаратымен келесі жұмыстар атқарылды.

Округ МӘМ ҒК қаражаты есебінен 3 млн.821 мың теңге келесі мақсаттар үшін қарастырылды.

- жарықтандыру төлемі үшін - 1 млн. 793,7 мың теңге

- жарықтандыру шамдарын ауыстыру үшін - 247,5 мың теңге

- аумақты абаттандыру үшін - 512,9 мың теңге.

- көшеттер (қарағай) сатып алу үшін - 150 мың теңге.

- су құбыры желілерін жөндеу үшін - 700 мың теңге.

- баннерлер дайындау үшін -  250 мың теңге.

- су құбыры желілерінің су сапасын талдау үшін - 167,2 мың теңге.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Ұлт Көшбасшысы Н. Назарбаев қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың негізгі бағыттарын айқындады, мысалы, біздің округте "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Ақпан және Батпақты ауылдарында кентішілік жолдардың сапасын жақсарту мақсатында "Найдоровское" ЖШС, "Жаңа-ай" ЖШС және "Осакаровка Астық" ЖШС жолдарды инертті материалдармен себу жұмыстары талқыланды.                            "Найдоровское" ЖШС мен  "Жаңа-Ай" ЖШС күшімен халық алдындағы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде Батпақ, Ошағанды, Сарыөзен және Ақпан ауылдарындағы кентішілік және кірме жолдарды қысқы кезеңде қардан тазартып отыру жүргізілді.

Ауылдық округтің ТКШ инфрақұрылымын жақсарту мақсатында "Астана ГеоСнаб" ЖШС мердігерлік ұйымының басшылығымен жұмыс жүргізілді. Аталған мекеме Сарыөзен ауылындағы аудандық маңызы бар жолдарды грейдерледі, сондай-ақ Ошағанды ауылының бөгетін қалпына келтірілді.

Батпақты а/о әлеуметтік қамтамасыз ету нысандарында жылыту маусымы штаттық режимде өтуде. Ошағанды ауылының НМ жылыту қазандығы ауыстырылды, Ақпан ауылының НМ модульдік үлгідегі қазандық орнатылды, соның арқасында осы мектептерде жылу режимі ұлғайды, бұл оқу процесінің одан әрі қолайлы жұмыс жасауына себтігін тигізді.

2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы аясында ауылдық округ тұрғындарына мал шаруашылығы мен егін шаруашылығын дамыту үшін жалпы сомасы 7 млн. 500 мың теңгеге 2 несие берілді.

Жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін жергілікті кәсіпкер сауда жабдықтарын сатып алу үшін 505 мың теңгеге гранд алды.

"Бизнес бастау" кәсіпкерлік негіздеріне 8 адам оқытылды.

Жұмыссыздықты төмендету мақсатында, біздің округте есепті кезеңде 50 адам жұмысқа орналастырылды.

Ауылдық округтің мәдени өмірі биылғы жылы көптеген іс-шараларға толы болды, соның бірі "Батпақ ауылының 110 жыл" мерейтойынның аталып өтілуі болды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Ұлт Көшбасшысы, 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланды. Батпақты ауылдық округінің "Жастар жылы – 2019" марафон – эстафетасының іс-шараларын өткізу жоспары жүзеге асырылды.

Әр түрлі спорт және шығармашылық түрлері бойынша 12 іс-шара өткізілді, Батпақты ауылындағы №6 орта мектеп оқушылары мен аз қамтылған, көп балалы отбасыларының балалары үшін Теміртау металлургия қаласына экскурсиялық сапар ұйымдастырылды, Ботаникалық баққа, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мұражайына, Орталық мәдениет және демалыс саябағына барды.

2020 жылды Мемлекет басшысы К-Ж. Токарев «Еріктілер жыл» деп жариялады, осыған орай біздің округ «Еріктілер тобына» белсенді түрде қатысуды жоспарлауда.

БАТПАҚТЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ
Дата публикации
09 января 2020