Қарағанды облысы Осакаров аудандық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 14 бабының 3 тармағына, 113-1-бабына сәйкес Оскаров аудандық сайлау комиссияның 2024 жылғы 7 тамыздағы № 42 шешімімен Озерный, Садовый ауылдық округтері әкімдерін сайлау 2024 жылдың 15 қыркүйегіне тағайындалғанын хабарлайды.
Әкім болуға кандидаттарды ұсыну мерзімі: 2024 жылдың 8 тамызынан басталып, 2024 жылдың 20 тамызында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
Әкім болуға кандидаттарды тіркеу мерзімі: барлық қажетті құжаттар ұсынылғаннан кейін басталады және 2024 жылдың 25 тамызында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
Үгіт мерзімі: 2024 жылдың 25 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2024 жылдың 14 қыркүйегінде жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
Барлық сұрақтар бойынша Осакаровка кенті Школьная көшесі 111 мекен-жайына хабарласуға болады, телефоны: 8(72149)42076.