«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
«Осакаров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 25.07.2024 - 31.07.2024 Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 01.08.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 04.08.2024
Сұхбат: 07.08.2024- 09.08.2024
Анықтама телефоны: 8-72149-43317
E-G-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
«Осакаров ауданы Родниковск селолық округі әкімінің аппараты» ММнің бас маманы, E-G-3 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның жұмысын қамтамасыз етеді. Халықтың денсаулығын сақтау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің жұмысын ұйымдастырады. Жергілікті салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және бақылайды, ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен нотариаттық іс-әрекеттер жасайды. Азаматтардың жиындарын өткізуге дайындық. Сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастырады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізеді, мемлекеттік-құқықтық бөліммен жұмыс жасайды; мемлекеттік органның МО ЕПИР бөлімінде ақпаратты мемлекеттік және орыс тілдерінде уақтылы жаңарту және орналастыру. Ішкі саясат бөлімімен жұмыс жүргізеді, әлеуметтік желілерде жұмыс жүргізеді, жастармен жұмыс жасайды. Мемлекеттік органның әлеуметтік желілердегі ресми парағын жүргізу, жаңалықтар блогы үшін мәтіндерді ресімдеу, дайындау және жоғары тұрған басшымен келісу. Жарияланатын материалдардың мазмұнына жауап береді; хаттамалар, мемлекеттік-құқықтық бөлім жасау бойынша жұмыс жүргізеді. Ауылдық округтің кәсіпкерлерімен жұмыс жүргізеді (меморандумдар жасайды), Осакаров ауданының кәсіпкерлік бөліміне есептер мен ақпарат береді, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағалары бойынша мониторинг жүргізеді. Мерзімді басылымдарға жазылумен айналысады. АҚ және ТЖ қызметтері бойынша жұмысты үйлестіреді және құжаттаманы жүргізеді. Қызметтік әдеп, мемлекеттік және еңбек тәртібі ережелерін сақтау.
Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: құқық және экономика негіздері, кәсіптік оқыту, менеджмент, қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, физика, математика, орыс тілі мен әдебиеті, бастапқы оқыту педагогикасы мен әдістемесі, сәулет, құқықтану, құрылыс, информатика, география, мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, педагогика және психология, алғашқы әскери дайындық, музыкалық білім, бейнелеу өнері және сызу, дене шынықтыру және спорт, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті орыс мектептерінде оқытпайтын, жылу энергетикасы, кадастр, бағалау, шетел тілі: екі шетел тілі, география-Тарих, тарих-Дінтану, мемлекеттік аудит, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, электр энергетикасы, мемлекеттік басқару, химия-Биология, математика-Физика, математика-Информатика, физика-Информатика, жерге орналастыру
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.
https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.3837437545