«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

«Осакаров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 25.07.2024 - 31.07.2024 Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 01.08.2024

Мәтіндік   және   сандық   ақпаратпен   жұмыс   істеу   қабілетін   бағалау: 04.08.2024

Сұхбат: 07.08.2024- 09.08.2024

Анықтама телефоны: 8-72149-43317

E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700

(Лауазымдық     жалақы     нақты     қызметкердің     жұмыс     өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

«Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММнің бас маманы, E-R-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)

 

Функционалдық міндеттері:

Ауданның мәдениет және өнер ұйымдарының желісін, аудан аумағында тұратын халықтар мәдениетін сақтау және дамыту жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету. Бос уақыт, кәсіби өнер және көркемөнерпаздар халық шығармашылығы саласын дамытуға жәрдемдесу. Клуб, кітапхана және мұражай мекемелерінің қызметін үйлестіру. Ауданның мәдениет ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету. Келіп түскен хат-хабарларды өңдеу, құжаттар мен жазбаша өтініштерді қарау және орындау мерзімдерін бақылауды қамтамасыз ету; істерді дұрыс ресімдеу, сақтау және аудан мұрағатына уақтылы тапсыру; бақылауға қойылған құжаттардың орындалу мерзімдерін есепке алу және бақылау, Электрондық құжат айналымын жүргізу.

 

Білімі бойынша талап:

Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: тарих, актерлік өнер, кітапхана ісі, музыкалық білім, бейнелеу өнері және сызу, тарих (гуманитарлық ғылымдар), мәдениеттану, археология және этнология, шығыстану, музыкатану ғылымы, аспаптық орындау, вокалдық өнері, дәстүрлі музыкалық өнері, дирижер, режиссура, эстрада өнері, хореография, сценография, оператолық өнер, өнертану, мәдени-тынығу жұмысы, орындаушылық өнер, халық аспаптары, ән айту өнері, тарих-Дінтану

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

 

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

 

 

https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.3837452042

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Дата публикации
25 июля 2024