«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

«Осакаров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 19.07.2024 - 25.07.2024

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 26.07.2024- 28.07.2024 Мәтіндік                  және   сандық   ақпаратпен   жұмыс   істеу   қабілетін   бағалау:

31.07.2024- 02.08.2024

Сұхбат: 07.08.2024- 09.08.2024

Анықтама телефоны: 8-72149-43317

E-G-1 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 327923

(Лауазымдық     жалақы     нақты     қызметкердің     жұмыс     өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

Әкімінің орынбасары, E-G-1 (Лауазым мәртебесі: Бос)

 

Функционалдық міндеттері:

Заңнамалық актілердің, Қазақстан Республикасы Президентінің, Премьер- Министрдің, аудан әкімінің және аудан әкімдігінің актілерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Азаматтар жиындарын, кент азаматтары өкілдерінің кеңестерін ұйымдастыруға және өткізуге қатысады. Кенттің өнеркәсіптік кәсіпорындарының, энергетикасының, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтарының жұмысына, кенттің инженерлік желілерінің, телефон және басқа да коммуникацияларының қазандықтарының жұмысына жетекшілік етеді, жергілікті салықтарды жинау жұмыстарын ұйымдастырады және бақылайды. Кентті абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалау және мерекелік безендіру жұмыстарын ұйымдастырады. Мемлекеттік сатып алу жоспарларын әзірлеу және жасау кезінде бақылауды жүзеге асырады, конкурстық рәсімдерді өткізуді, шарттар жасауды ұйымдастырады. Сыбайлас жемқорлыққа, діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Әлеуметтік және экономикалық бағдарламалардың орындалуына, қоғамдық жұмыстарға жіберілген қызметкерлердің, әлеуметтік және атаулы көмек көрсету жөніндегі учаскелік комиссияның және кенттің аз қамтылған азаматтарының жұмысына бақылауды жүзеге асырады. ТЖ және АҚ қызметтерінің жұмысын үйлестіреді, жиындарда, кеңестерде қабылданған тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді. Кенттің коммуналдық объектілерін; кент әкімі аппаратының теңгеріміндегі объектілердің өрт қауіпсіздігін бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады. Мектепке дейінгі, жалпы орта білім беру, мектептен тыс білім беру тәрбие, Денсаулық сақтау, мәдениет және өнер, тілдерді дамыту, жастар саясаты, туризм, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік және мемлекеттік емес секторлар ұйымдарының қызметі мәселелеріне жетекшілік

 

етеді. Қызметтік әдеп және еңбек тәртібі ережелерін сақтау.

 

Білімі бойынша талап:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: құқық және экономика негіздері, кәсіптік оқыту, менеджмент, тарих, физика, математика, орыс тілі мен әдебиеті, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру, бастапқы оқыту педагогикасы мен әдістемесі, сәулет, құқықтану, құрылыс, информатика, география, мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, педагогика және психология, алғашқы әскери дайындық, музыкалық білім, бейнелеу өнері және сызу, дене шынықтыру және спорт, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті орыс мектептерінде оқытпайтын, жылу энергетикасы, кадастр, бағалау, шетел тілі: екі шетел тілі, география-Тарих, тарих-Дінтану, мемлекеттік аудит, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, көлік, көлік техникасы және технологиялары, электр энергетикасы, қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті, химия-Биология, математика-Физика, математика-Информатика, физика- Информатика, орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті, жерге орналастыру

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

  • жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-6, C-5, C-O-6, C-R-5, D-5, D-O-6, D-R-5, E-5, E-R-5, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
  • жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
  • осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес

 

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

 

 

 

https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.3826674440

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Дата публикации
25 июля 2024