«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

«Осакаров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 19.07.2024 - 25.07.2024 Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 26.07.2024

Мәтіндік   және   сандық   ақпаратпен   жұмыс   істеу   қабілетін   бағалау: 31.07.2024

Сұхбат: 05.08.2024- 07.08.2024

Анықтама телефоны: 8-72149-43317

E-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700

(Лауазымдық     жалақы     нақты     қызметкердің     жұмыс     өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

«Осакаров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның бас инспекторы – хатшысы, E-3 (Лауазым мәртебесі: Бос)

 

Функционалдық міндеттері:

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның алқалы органының қызметін қамтамасыз етеді. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу саласындағы қызметті үйлестіреді. Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асырады. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мәселелері бойынша мүдделі органдардың өзара іс-қимылын жүзеге асырады. Белгіленген тәртіппен аудан әкімінің, әкімдігінің мүдделерін сот, құқық қорғау және өзге де органдарда білдіреді, осы мақсатта қажетті материалдарды сапалы дайындауды және жинауды, талап арыздарды, шағымдарды, актілерді және т. б. әзірлеуді және жіберуді жүзеге асырады.; Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді; Жазаны орындайтын мекеме әкімшілігінің кәмелетке толмаған сотталған адамды жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату не оған жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру туралы ұсынысын қарау жөніндегі кәмелетке толмағандар құқықтарының өкілі ретінде сот отырысына қатысады; Аудан аумағындағы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, суицидтердің жай-күйін зерделейді және талдайды; кәмелетке толмағандардың қатысуымен құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мәселелері бойынша мүдделі органдардың өзара іс- қимылын жүзеге асырады; бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарда кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, ұстау

 

жағдайларын бақылауды қамтамасыз етуге қатысады; Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, күтіп-бағу, денсаулығын сақтау, құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау жағдайларын тексеру мақсатында заңнамада белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарына, кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарына, арнаулы білім беру ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына барады; кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау мақсатында жедел алдын алу іс-шараларын, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі кәмелетке толмағандардың істері; Құзыреті шегінде әлеуметтік қауіпті жағдайдағы, мемлекеттің көмегіне мұқтаж кәмелетке толмағандарды, балаларды тәрбиелеу, күтіп-бағу, оқыту үшін тиісті жағдайларды қамтамасыз етпейтін, олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін, балаларға қатыгездікпен қарауға жол беретін ата-аналарды (оларды алмастыратын адамдарды) анықтауға қатысады, кәмелетке толмағандар мен ата-аналардың есебін жүргізеді (осы санаттағы тұлғалардың) заңнамаға сәйкес; Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарларын іске асыруға жауапты болып табылады, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға бағытталған іс-шаралар жоспарларын іске асыруға қатысады.

 

Білімі бойынша талап:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құқық

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

  • жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  • осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес

 

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

 

 

https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.3826630271

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Дата публикации
25 июля 2024