«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Осакаров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 13.07.2024 - 19.07.2024 Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 20.07.2024

Мәтіндік   және   сандық   ақпаратпен   жұмыс   істеу   қабілетін   бағалау: 24.07.2024

Сұхбат: 29.07.2024- 31.07.2024

Анықтама телефоны: 8-72149-43317

E-G-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 210086

(Лауазымдық     жалақы    нақты     қызметкердің     жұмыс     өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

«Осакаров ауданы Есіл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММнің бас маманы, E-G-3 (Лауазым мәртебесі: Бос)

 

Функционалдық міндеттері:

Ауылдық округ әкімі жанындағы кеңестерді, азаматтар жиындарын өткізу үшін материалдарды дайындауға көмек көрсетеді; мемлекеттік сатып алу жоспарларын әзірлейді және жасайды, конкурстық құжаттаманы дайындайды, конкурстық рәсімдерді өткізуді ұйымдастырады; шарттық міндеттемелерді орындау мәселесі бойынша мердігерлермен жұмыс жүргізеді; Өткізілген мемлекеттік сатып алу бойынша есептілікті тапсыруды жүзеге асырады; жалпыға бірдей құқықтық оқыту жұмысын ұйымдастырады. Жоспарға сәйкес тұрғындар мен ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлері үшін оқуды ұйымдастырады. Сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша жұмыс жүргізеді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді. Объектілерді ұйымдастыруды, тіркеуді және паспорттауды жүзеге асырады; заң қызметіне қатысты құжаттарды ресімдейді; мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарының қызметіне жетекшілік етеді; ҚР заңнамасына сәйкес нормативтік - құқықтық актілермен жұмысты жетілдіруде, әкім аппаратының құжаттарын, өкімдері мен қаулыларын тексеруде әкім аппаратының қызметшілеріне күнделікті практикалық көмек көрсетеді; Жоғары тұрған ұйымдар үшін құқықтық мәселелерге қатысты құжаттарды ресімдеу; ауылдық округ әкімі аппаратының істер номенклатурасын әзірлейді және келіседі; қабылданған нормативтік-құқықтық акт бойынша ай сайынғы есептілікті аудан әкімі аппаратына жібереді; АҚ және ТЖ бойынша жұмысты ұйымдастырады. Шарттық міндеттемелерді орындау мәселесі бойынша мердігерлермен жұмыс жүргізеді. Жарияланған материалдардың мазмұнына жауап береді. Қызметтік әдеп, мемлекеттік және еңбек тәртібі ережелерін сақтайды.

 

Білімі бойынша талап:

Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: құқық және экономика негіздері, кәсіптік оқыту, менеджмент, тарих, физика, математика, орыс тілі мен әдебиеті, бастапқы оқыту педагогикасы мен әдістемесі, сәулет, құқықтану, құрылыс, информатика, география, мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, педагогика және психология, алғашқы әскери дайындық, музыкалық білім, бейнелеу өнері және сызу, дене шынықтыру және спорт, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті орыс мектептерінде оқытпайтын, жылу энергетикасы, кадастр, бағалау, шетел тілі: екі шетел тілі, география-Тарих, тарих-Дінтану, мемлекеттік аудит, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, көлік, көлік техникасы және технологиялары, электр энергетикасы, мемлекеттік басқару, қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті, химия-Биология, математика-Физика, математика-Информатика, физика-Информатика, жерге орналастыру

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.3743307501

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Дата публикации
25 июля 2024