«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

«Осакаров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 27.06.2024 - 03.07.2024 Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 04.07.2024

Мәтіндік   және   сандық   ақпаратпен   жұмыс   істеу   қабілетін   бағалау: 07.07.2024

Сұхбат: 11.07.2024- 15.07.2024

Анықтама телефоны: 8-72149-43317

E-G-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243701

(Лауазымдық     жалақы     нақты     қызметкердің     жұмыс     өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

«Осакаров  ауданы  Молодежный  кенті   әкімінің   аппараты»  ММ   бас маманы, E-G-3 (Лауазым мәртебесі: Бос)

 

Функционалдық міндеттері:

Өз құзыреті шеңберінде азаматтар жиындарына, әкімнің есептеріне, кент әкімі жанындағы кеңестерге материалдар дайындайды; кентте жер учаскелерін бөлу, елді мекен жерлерінде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю орындарын анықтау мәселелері бойынша азаматтардың өтініштерін қарайды; шаруашылық бойынша есепке алу, халық санағы кітаптарын жүргізу; өз құзыреті шеңберінде қабылданған жиындарда, кеңестерде шешімдердің, тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді құзыретіне жататын кент әкімінің шешімдерінің, өкімдерінің жобаларын дайындайды; Тұрғын үй қорын оңтайландыру, пайдалану және күтіп ұстау жөніндегі жұмыс; тұрғын үй мәселелеріне байланысты жұмыстар кешенін орындау: тұрғын үй қорын түгендеу, есепке алу және талдау, тұрғын үй беруге және тұрғын үй жағдайларын жақсартуға өтініш берген азаматтарды есепке алу; Кент әкімі аппаратында мемлекеттік қызметтер көрсетудің қолжетімділігі, сапалық көрсеткіштері үшін жауапты болады; есептер, ақпараттар дайындау, мемлекеттік қызметтерге мониторинг жүргізу; Е-әкімдік автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу; кент әкімінің басқа да қызметтік тапсырмаларын орындайды. Қызметтік әдеп және еңбек тәртібі ережелерін сақтау.

 

Білімі бойынша талап:

Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: менеджмент, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру, агрономия,

 

сәулет, құқықтану, құрылыс, жылу энергетикасы, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, аграрлық техника және технология, кадастр, бағалау, мемлекеттік аудит, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, көлік, көлік техникасы және технологиялары, электр энергетикасы, жерге орналастыру

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.3665522897

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Дата публикации
05 июля 2024