Осакаров ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның кезекті отырысы

Ағымдағы жылдың 27 маусым күні аудан әкімінің төралығымен Осакаров ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аудандық комиссияның кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды:

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың орындалу барысы туралы.
  2. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау және алдын алу бойынша қабылданған шаралар туралы.

Отырыс қорытындысы бойынша кенттер мен ауылдық округтердің әкімдеріне, дербес бөлімдердің басшыларына бірқатар тапсырмалар берілді.

Осакаров ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның кезекті отырысы
Дата публикации
03 июля 2024