Осакаров ауданының әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысы

Ағымдағы жылдың 27 маусым күні аудан әкімінің төралығымен Осакаров ауданының әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды:

  1. Осакаров ауданындағы апаттардың жағдайы және мемлекеттік органдардың жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылдаған шараларының тиімділігі туралы.
  2. Жастар арасында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша жұмыстарды ұйымдастырудың қабылданып жатқан шаралары мен жай-күйі туралы.
  3. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы.
  4. Адам саудасының алдын алу, еңбекті пайдалану құрбандарын анықтау, адам саудасына жане заңсыз көші-қонға карсы ic-қимыл бойынша кешенді бірлескен ведомствоаралық профилактикалық және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу жөніндегі жұмыстар туралы.

 

Осакаров ауданының әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысы
Дата публикации
03 июля 2024