Сайлауды тағайындау туралы

Қарағанды облысы
Осакаров аудандық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Осакаров аудандық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

  1. 2024 жылғы 04 тамызға Осакаров ауданында сайлау тағайындалсын:

- Батпақты ауылдық округінің әкімі;

- Николаев ауылдық округінің әкімі;

  1. 2024 жылғы 04 тамызға тағайындалған ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін:

- әкімдікке кандидаттарды ұсыну 2024 жылғы 27 маусымда жергілікті уақыт бойынша басталып, 09 шілдеде сағат 18.00-де аяқталады.;

- әкімдікке кандидаттарды тіркеу 2024 жылғы 14 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

Барлық сұрақтар бойынша Осакаровка кенті Школьная көшесі 111 мекен-жайына хабарласуға болады, телефоны: 8(72149)42076.

Осакаров аудандық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 26 маусымдағы № 28 шешімі
Дата публикации
26 июня 2024