Қарағанды облысы Осакаров ауданы Жансары ауылдық округінің
сайланған әкімін тіркеу туралы Осакаров аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, 2024 жылғы 09 маусымда өткен Қарағанды облысы Осакаров ауданы Жансары ауылдық округі әкімі сайлауының қорытындылары туралы учаскелік сайлау комиссиялары, аудандық сайлау комиссиясы хаттамаларының негізінде Осакаров аудандық сайлау комиссиясы Алтынай Жаңабайқызы Ибрагимованы 1966 жылы туған, Аманқоңыр ауылы тұрғыны, сайлауға дейін «Жансары ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы болып қызметін атқарған, 2024 жылы 09 маусымда өткен сайлау қорытындысы бойынша Қарағанды облысы Осакаров ауданы Жансары ауылдық округінің әкімі болып тіркеді.
Осакаров аудандық сайлау комиссиясы