2024 жылғы 14 мамырда сағат 18.00-де Осакаров аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда «Осакаров ауданының Жансары ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы» шешім қабылданды.
Осакаров ауданының Жансары ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы баяндамамен аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Д.К.Мулдагалиева сөз сөйледі.
2024 жылғы 2-14 мамыр аралығында Осакаров ауданының Жансары ауылдық округі әкіміне 3 кандидат құжат тапсырғанын хабарлады. Оның ішінде саяси партиялардан – 1, өзін - өзі ұсыну тәртібімен –2. Ұсынылған үміткерлердің ішінде 3 де әйел адам.
Кандидаттардың орташа жасы - 45 жас. Ең жас үміткер 39 жаста, үміткерлер арасында ең үлкен жас – 58 жас.
Мамандығы бойынша: экономист-1, психолог-1, инженер-1.
Ұсынылған кандидаттардың ішінде: 1 үкіметтік емес ұйым қызметкері, 2 – мемлекеттік қызметші.
Қазіргі уақытта Жансары ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу процесі жүргізілуде, тіркеу ағымдағы жылдың 19 мамырға дейін жалғасады, өйткені сайлау туралы заңнамаға сәйкес сайлау комиссиялары мемлекеттік органдармен бірлесіп кандидаттар ұсынған құжаттардың дұрыстығын тексеру бойынша жұмыстар жүргізеді.
ОСАКАРОВ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ