«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін «Осакаров ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ-де экономика, қаржы және бюджеттік жоспарлау функционалдық бағыт бойынша бағалаушыларды іріктеу жүргізіледі.
Бағалаушылар бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар болуы, немесе персоналды басқару жөніндегі мамандары мен басқа да мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері болуы қажет.
Бағалаушы ретінде қатысуға ниет білдірген адамдар eqyzmet.gov.kz интернет-порталында тіркелуі және makisheva_azh@krg.gov.kz электрондық поштасына еңбек жолын растайтын құжаттарды жолдауы қажет.
Іріктеуге қатысу үшін өтінім беру мерзімдер:
2024 жылғы 25 сәуірден 1 мамырға дейін.