«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

«Осакаров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Конкурс туралы ақпарат

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу:

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: Сұхбат:

Анықтама телефоны: 8-72149-43317

E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243701

(Лауазымдық     жалақы     нақты     қызметкердің     жұмыс     өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

«Осакаров ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ экономика, коммуналдық меншік және мемлекеттік сатып алу секторының бас маманы, E- R-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)

 

Функционалдық міндеттері:

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру, мемлекеттік сатып алуды жүргізу және орындалуын талдау, мемлекеттік сатып алу бойынша апта сайынғы және ай сайынғы мониторинг жүргізу. Мемлекеттік сатып алу бойынша тендерлерді өткізу жоспар-кестесін әзірлеу. Өткізілген мемлекеттік сатып алу конкурсы бойынша бюджеттік қаражатты игеру мониторингін жүргізу. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын WEB – порталына енгізу бойынша жұмыстар. Ақпараттық- талдамалық жұмыс әдістері және мониторинг формаларын иелену. Бірыңғай ұйымдастырушы ретінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру. Бюджет қаражатын игеру мониторингі бойынша жұмыс шеңберінде мемлекеттік органдармен, мекемелермен, мемлекеттік кәсіпорындармен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру мониторингін ұйымдастырады және жүргізеді; МемТізілім веб порталында сенімгерлік басқаруға аукциондар, тендерлер өткізу. Мемлекеттік мүліктің мақсатты және тиімді пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру, коммуналдық меншіктің барлық иесіз объектілерін КЕАҚ органдарында есепке қою. Иесіз нысандарды қабылдау, аудандық коммуналдық мүлікті аудандық заңды тұлғаларға бекіту. Аудан бюджетіне мүлікті жалға алу кірістерінен түсетін түсімдерді, аудан мүлкін сатудан түсетін кірістерді есепке алу. Аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен меншікке өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға заңнамаға сәйкес береді; Мемлекеттік мүлікті

 

жалға алу бойынша салыстыру актілерін ресімдеу және уақытылы төлеуін бақылау. Жоғары тұрған ұйымдардың, ауданның жергілікті атқарушы органдарының және жеке тұлғалардың хаттарына, тапсырмаларына, өтініштеріне жауаптар.

 

Білімі бойынша талап:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: құқық, бизнес және басқару

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

 

 

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Дата публикации
25 апреля 2024