«Осакаров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Конкурс туралы ақпарат
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу:
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: Сұхбат:
Анықтама телефоны: 8-72149-43317
E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
«Осакаров ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ бюджеттік жоспарлау секторының бас маманы, E-R-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Нәтижеге бағытталған үш жылдық кезеңге арналған кенттер мен ауылдық округтердің бюджетін қалыптастырады, үш жылдық кезеңге кенттерге, ауылдық округтерге субвенцияны есептейді. Кенттердің, ауылдық округтердің бюджетін жоспарлауға, нақтылауға және түзетуге қатысты қажетті құжаттарды, талдау және ақпараттық материалдарды дайындауды ұйымдастырады. Бюджетті жоспарлау, нақтылау және түзету мәселелері бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне консультациялық және әдістемелік көмек көрсетеді. Ақпараттық-талдау жұмысының және мониторингтің нысандары мен әдістерін меңгерген. «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» бағдарламалары бойынша базалық шығыстарға және жаңа бастамаларға арналған шығыстарға бөлінетін шығыстар көлемін негіздеу үшін кезекті жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жасайтын бюджеттік өтінімдерді қабылдайды. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, аумақты дамыту бағдарламасының көрсеткіштеріне және қолданыстағы заттай нормаларға сәйкестігі тұрғысынан тексереді, бұл ретте бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың түрлері бойынша есептеу кезінде бағдар ретінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалардың дерекқоры да пайдаланылады. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін, бюджеттік бағдарламалар
жобаларын қарау қорытындылары бойынша бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламалар жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды тиісті бюджет комиссиясының қарауына жібереді.
Кенттер, ауылдық округтер бюджетінің жобасын әзірлеу және ауданның, ауданның жергілікті атқарушы органының бюджеттік комиссиясына тиісті материалдарды ұсыну. Кенттердің, ауылдық округтердің бюджеті туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу. Шығындар лимиттерін ауданның бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жеткізу.
Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штаттық кестелерін талдауды жүзеге асыру.
Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар бойынша ЖЖМ, байланыс және электр энергиясына лимиттер әзірлеу. Мемлекеттік, азаматтық қызметшілердің және еңбек келісімі бойынша жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек ақысы мен саны бойынша есеп құру және ұсыну. НҚА жобаларын онлайн қарау және талқылау үшін «Ашық НҚА» электрондық үкімет сайтында орналастыру. Жоғары тұрған ұйымдардың, ауданның жергілікті атқарушы органдарының және жеке тұлғалардың хаттарына, тапсырмаларына, өтініштеріне жауаптар.
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: бизнес және басқару
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.