«Осакаров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Конкурс туралы ақпарат
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу:
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: Сұхбат:
Анықтама телефоны: 8-72149-43317
E-G-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
«Осакаров ауданы Ертіс ауылдық округі әкімінің аппараты» ММнің бас маманы, E-G-3 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініштерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады, абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастырады, ТЖ және АҚ қызметтері бойынша жұмысты үйлестіреді және құжаттаманы жүргізеді, жиындарда, кеңестерде қабылданған тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді. Тұқым шаруашылығына, ауыл шаруашылығы алқаптарын пайдалануға бақылауды жүзеге асыру жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы Мемлекеттік қызметтер көрсетеді. Сайлаушылардың есебін жүргізеді және сайлауды дайындауға және өткізуге қатысады. Сайлау комиссиялары бойынша жұмыс жүргізеді. Халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі материалдарды, АӘК, тұрғын үй жәрдемақыларын алуға арналған құжаттарды дайындайды, зейнеткерлердің, мүгедектердің, ҰОС қатысушыларының және оларға теңестірілген адамдардың, жалғыз тұратын, аз қамтылған, көп балалы азаматтардың есебін жүргізеді. Заңмен айқындалатын шекте және тәртіппен жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуде Халықпен жиындарды және жергілікті қоғамдастық өкілдерімен жиналыстарды құлақтандыру және өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Мектепке дейінгі, жалпы орта білім беру, мектептен тыс білім беру саласындағы мемлекеттік және мемлекеттік емес секторлар ұйымдарының қызметі мәселелерімен айналысады.
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: құқық және экономика негіздері, кәсіптік оқыту, менеджмент, тарих, физика, математика, орыс тілі мен әдебиеті, құрылыс
материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру, бастапқы оқыту педагогикасы мен әдістемесі, агрономия, құқықтану, информатика, география, мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, педагогика және психология, алғашқы әскери дайындық, музыкалық білім, бейнелеу өнері және сызу, дене шынықтыру және спорт, қазақ тілі мен әдебиеті, маркетинг, мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету, жылу энергетикасы, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, аграрлық техника және технология, кадастр, бағалау, шетел тілі: екі шетел тілі, география-Тарих, тарих-Дінтану, мемлекеттік аудит, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, көлік, көлік техникасы және технологиялары, электр энергетикасы, химия-Биология, математика-Физика, математика-Информатика, физика-Информатика, құрылыс, жерге орналастыру, қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті, архитектура
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.
https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.3512254823