Құрметті Осакаров ауданының тұрғындары мен қонақтары!
Көктем мезгілінде ғимараттардың шатырларында мұздың пайда болуы кең орын алады.
Ғимараттардың төбесінен қардың түсуі және мұздың құлауы адамдарға үлкен қауіп төндіреді. Қауіпті аймақта болған кезде сырғыған қардан, мұз массасынан адам ауыр және қауіпті жарақат алып, мерт болуы мүмкін.
Осыған байланысты Осакаров ауданының ТЖ бөлімі мұз қату кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі туралы ескертеді:
Мүмкіндігінше ғимараттардың қабырғаларына жақындамаңыз.
Тротуарлардың қоршалған жерлеріне назар аударыңыз, ескерту аншлагтарына (тақтайшалар) көңіл бөліңіз. Қауіпті жерді басқа жолмен айналып өтіңіз. Ешқандай жағдайда қоршалған аймақтарға кірмеңіз және балалардың мұндай жерлерге баруына жол бермеңіз.
Дренаждардың үстіндегі үйлердің қасбеттерінің орындары, әсіресе, қауіпті, өйткені бұл жерлерде мұздықтар жиі пайда болады.
Тротуарлардың мұздануына назар аудару керек. Әдетте шатырдан еріген қар мұндай жерлерді мұздатып тұрады және шатырда қалың мұз пайда болуын арттырады.
Ғимараттар мен құрылыстарға жақындаған кезде ғимараттардың шатырына назар аударыңыз.
Ата-аналар, мұғалімдер, балаларға үйлердің шатырларының астында еру кезінде ойындардың қауіптілігі туралы түсіндіріп, олардың осы жерлерде оқу уақытынан тыс болуына жол бермеу керек.
Шана мен балалар арбасындағы кішкентай балалармен ашық ауада серуендеу кезінде оларды қараусыз қалдырмаңыз және олармен бірге шатырларынан мұз құлауы мүмкін жерлерде болмаңыз.
Абай болыңыздар!!!