Қарағанды облысы Осакаров ауданы Пионер ауылдық округінің
сайланған әкімін тіркеу туралы Осакаров аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, 2024 жылғы «18» ақпанда өткен Қарағанды облысы Осакаров ауданы Пионер ауылдық округі әкімі сайлауының қорытындылары туралы учаскелік сайлау комиссиялары, аудандық сайлау комиссиясы хаттамаларының негізінде Осакаров аудандық сайлау комиссиясы Григорий Александрович Саульянды 1981 жылы туған, Приишимское ауылы тұрғыны, сайлауға дейін «Пионер ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ маманы болып қызметін атқарған, 2024 жылы 18 ақпанда өткен сайлау қорытындысы бойынша Қарағанды облысы Осакаров ауданы Пионер ауылдық округінің әкімі болып тіркеді.
Осакаров аудандық сайлау комиссиясы