2024 жылғы 23 қаңтарда сағат 18.00-де Осакаров аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда «Осакаров ауданының Пионер ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы» шешім қабылданды.
Осакаров ауданының Пионер ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы баяндамамен аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Д.К.Мулдагалиева сөз сөйледі.
2024 жылғы 11-23 қаңтар аралығында Осакаров ауданының Пионер ауылдық округі әкіміне 3 кандидат құжат тапсырғанын хабарлады. Оның ішінде саяси партиялардан – 1, өзін - өзі ұсыну тәртібімен –2. Ұсынылған үміткерлердің ішінде 2 ер адам және 1 әйел адам бар.
Кандидаттардың орташа жасы - 37 жас. Ең жас үміткер 29 жаста, үміткерлер арасында ең үлкен жас - 43 жас.
Мамандықтар бойынша: заңгерлер - 3.
Ұсынылған кандидаттардың ішінде: 1 - мемлекеттік ұйымдардың қызметкері, 2- мемлекеттік қызметшілер.
Қазіргі уақытта Пионер ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу процесі жүргізілуде, тіркеу ағымдағы жылдың 28 қаңтарға дейін жалғасады, өйткені сайлау туралы заңнамаға сәйкес сайлау комиссиялары мемлекеттік органдармен бірлесіп кандидаттар ұсынған құжаттардың дұрыстығын тексеру бойынша жұмыстар жүргізеді.
ОСАКАРОВ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ