2023 жылдың 30 қарашасында аудан әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын, Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойыншамемлекеттік қызметкерлермен, кент және ауылдық округ әкімдерімен семинар өткізді.
А.Макишева сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жасалу жағдайлары туралы айтып, мүдделер қақтығысын реттеу тетіктерін, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың сыйлықтарды қабылдауға тыйым салу бөлігіндегі нормаларын, сыйлықтардың олар білместен келіп түсу кезіндегі іс-қимыл тетігін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесін, мемлекеттік қызметшілердің өзіне белгілі дайындалып жатқан жағдайлар туралы басшылық пен уәкілетті органдарды хабардар ету міндеттерін түсіндірді немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы басшылық пен уәкілетті органдарды хабардар ету міндетін, оған заңсыз нұсқау берген басшыға жазбаша хабарламаны , т.б.