11 қазан аудан әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің ұжымдарымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді.
Кездесу аясында мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттарына, автокөлікті мас күйде айдауға, қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетін қорлайтын мас күйде болуға жол бермеуге назар аудара отырып, Әдеп кодексінің талаптарын түсіндірді.