Қарағанды облысы Осакаров ауданыныңсайланған әкімін тіркеу туралы Осакаров аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, 2023 жылғы «5» қарашада өткен Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімі сайлауының қорытындылары туралы учаскелік сайлау комиссиялары, аудандық сайлау комиссиясының хаттамаларының негізінде Осакаров аудандық сайлау комиссиясы Руслан Есенбекұлы Нұрмұханбетовты 1981 жылы туған, Осакаровка кентінің тұрғыны, сайлауға дейін Осакаров ауданының әкімі қызметін атқарған, 2023 жылы 5 қарашада өткен сайлау қорытындысы бойынша Қарағанды облысы Осакаровка ауданының әкімі болып тіркеді.
Осакаров аудандық сайлау комиссиясы