Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде, Осакаров ауданы әкімдігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиясы отырысы аудан әкімінің төрағалығымен өткізілді.
Күн тәртібінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы қарастырылып, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларына және кенттермен ауылдық округ әкімдеріне тиісті тапсырмалар берілді.
