Қарағанды облысы Осакаров аудандық сайлау
комиссиясының
2023 жылғы «15» қыркүйектегі № 46
ШЕШІМІ
Осакаров ауданы әкімінің
сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-1-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына және 2-тармағына сәйкес Осакаров аудандық сайлау комиссия ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осакаров ауданы әкімінің сайлауы 2023 жылғы 5 қарашаға тағайындалсын.
2. 2023 жылғы 5 қарашаға белгіленген Осакаров ауданы әкімін сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін (1 қосымша).
3. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында және қалалық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Төраға Д.Мулдагалиева
Хатшы О.Алишева