Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның кезекті отырысы

2023 жылғы 29 маусымда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның кезекті отырысы өтті, онда жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша қабылданып жатқан іс- шаралар туралы мәселе қаралды. Бұл мәселе бойынша жер қатынастары бөлімінің басшысы Есіргепов Береке Әлімбайұлына сөз берілді.

 

Екінші мәселе бойынша "Қазақстан Республикасының Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы" құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы - Д. Қызыр, Осакаровка кентінің әкімі – С. Т. Акижанов, сондай – ақ жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А. А. Төлеуова сөз сөйледі.

Қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның кезекті отырысы
Дата публикации
03 июля 2023