Ағымдағы жылдың 14 сәуірінде ауданымызға облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Г.Қабдықәрімова жұмыс барысымен ауданымызға келді. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде семинар өткізді.
Мемлекеттік қызметшілерге арналған жаңа этикалық қағидаттар, ұсынымдар мен жадынамалар талқыланды. Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы және Әдеп кодексін бұзудың алдын алу және болдырмау мақсатында әртүрлі жағдайларда мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы бойынша ұсынымдар келтірілді.
