Мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасу мәселелері бойынша дөңгелек үстел

2023 жылғы 06 маусымда Осакаров ауданы бойынша әдеп жөніндегі уәкіл А.Ж. Макишева Сұңқар ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің арасында түсіндіру жұмыстары бойынша дөңгелек үстел өткізді. Кеңес барысында А. Ж. Макишева Мемлекеттік қызметке орналасу кезінде қабылданатын шектеулер, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету туралы түсіндірді. Кездесу барысында жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлғалардың алған сыйлықтарын тапсыру мәселелері қозғалды.

Дата публикации
15 июня 2023