Қызметтік әдеп және еңбек тәртібінің нормаларын сақтау мәселелері бойынша Семинар-кеңес

02 маусымда Осакаров ауданы бойынша әдеп жөніндегі уәкіл А.Ж. Макишева Садовое ауылы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің арасында семинар – кеңес өткізді. Кеңес барысында А.Ж. Макишева қызметкерлердің мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын және қызметтік тәртіп талаптарын сақтау сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерге жүктелетін шектеулерді түсіндірді. Мемлекеттік қызметшінің имиджін және халықтың мемлекеттік қызметке деген сенімін нығайту мәселелері көтерілді.