2022 жылғы 31 шілдеде Осакаров ауданының Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің бір сайлау округінде сайлауы өтті.
Осакаров аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес, Осакаров ауданының Ақбұлақ ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 772 азамат енгізілді, оның 684-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 2, «барлығына қарсы» деген жолға белгі қойған - 1.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Есіргепов Б.А. – 10; Кошкенова Д.К. – 7; Машрапов Н. С. – 667.
Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі болып Машрапов Нұрғазы Серғазыұлы сайланды. Оны «Amanat» партиясы ұсынды.
Осакаров аудандық сайлау комиссиясы