2020 жылдың есебі

Мемлекеттік қызмет көрсету туралы

 

        Біз мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру үшін жұмыс істейміз, есеп беретін мемлекетті қалыптастыруға қатысамыз.

Ашық және тең қолжетімділік мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мемлекеттің алдына қойған -негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.  Ауданның мемлекеттік органдары мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне сәйкес 78 қызмет түрін көрсетеді. Оның ішінде тегін негізде 71 түрі, ақылы негізде – 7 және баламалы түрде - 7 түрі көрсетіледі.

Бүгінде қандай да бір дәрежеде кедергілер болып табылатын барлық үдерістерді алып тастау, оларды автоматтандыру ету қажет.  Азаматтар қандай да бір мәселелерсіз сапалы мемлекеттік қызметтерді автоматты түрде алуы тиіс,-деп атап өтті Қазақстан Президенті.

2020 жылы аудан бойынша 24900 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 2463 қызмет Мемлекеттік корпорация арқылы, 764 қызмет көрсетушілер қағаз түрінде және балама түрінде – 8859, электронды түрде көрсетілген - 13578 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

Жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызмет көрсетулерге, соның ішінде электронды форматта одан әрі қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызмет көрсетулерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында мен «электронды үкімет», «электронды лицензиялау» порталдары арқылы алу мүмкіндіктері туралы түсіндіру жұмысы жалғасатын болады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің сақталуын бақылау бойынша тұрақты жүйелі жұмыс ұйымдастырылды, оларды көрсету сапасын ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру жетілдірілуде.

Сонымен қатар, open space қағидаты бойынша аудан әкімі аппаратында 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап Open akimat кабинеті және ғимараттың бірінші қабатында қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды.

Мемлекеттік қызмет көрсету туралы
Дата публикации
05 января 2021