Осакаров ауданы әкімдігінің «Осакаров ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 5 тамыздағы № 73/01 «Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысының жобасы мемлекеттік мекеме Ережесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру, сондай-ақ мемлекеттік мекеме қызметін құқықтық реттеуді жетілдіру мақсатында әзірленді.
Осы жобаның мақсаты «Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функцияларын және аппарат басшысының кадр мәселелері бойынша, оның ішінде әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді лауазымдарға тағайындау және лауазымдарынан босату, жұмыскерлерді жұмысқа қабылдау және олармен жасалған еңбек шарттарын тоқтату, сондай-ақ берілген өкілеттіктер шегінде көтермелеу шараларын қолдану және тәртіптік жазалар қолдану бөлігіндегі өкілеттіктерін нақтылау болып табылады.
Жобаны іске асыру мемлекеттік мекеменің Ережесін өзектендіруге, кадрлық өкілеттіктерді жүзеге асыру тәртібін жетілдіруге және Осакаров ауданы әкімінің аппараты қызметін ұйымдастыру тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Осы қаулыны қабылдау қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді және бекітілген бюджет қаражаты шегінде жүзеге асырылады.
Осакаров ауданы әкімдігінің қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталында заңнамада белгіленген тәртіппен орналастыруға жатпайды.
Аудан әкімдігі қаулысының жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарға әкеп соқпайды.