
Ақпараттық хабарлама
Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының 12 қазандағы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлығына сәйкес, 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу мәселелері бойынша 13 қазанда сағат 17:00-де Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті.
Аумақтық сайлау комиссиясының отырысында Осакаров ауданы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары, сондай-ақ кандидаттарды ұсыну кезеңінде округтік сайлау комиссияларының жұмыс режимі бекітілді. Комиссиялар сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін жұмыс істейді.
Бекітілген күнтізбелік жоспарға сәйкес, 14 қазаннан бастап Осакаров ауданы мәслихатына бірмандаттық сайлау округтері бойынша депутаттыққа кандидаттарды ұсыну басталады.
Кандидаттарды ұсыну 27 қазан сағат 18:00-ге дейін жалғасады, кандидаттарды тіркеу ағымдағы жылдың 1 қарашасы сағат 18:00-де аяқталады.
Сайлау алдындағы үгіт кезеңі 1 қараша сағат 18:00-ден кейін басталып, 28 қараша сағат 00:00-де аяқталады.