2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Осакаров аудандық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

ОСАКАРОВ АУДАНЫНЫҢ

АУМАҚТЫҚ

САЙЛАУ

 КОМИССИЯСЫ

 

 

ТЕРРИТОРИАЛЬНАЯ

ИЗБИРАТЕЛЬНАЯ

КОМИССИЯ

ОСАКАРОВСКОГО  РАЙОНА

 

 

 

 

                                                                                      ҚАУЛЫ

 

 

 

 

 

       2026 ж. 10.13 № 65

 

 

 

 

ПОСТАНОВЛЕНИЕ

 

 

 

 

2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған

Осакаров аудандық мәслихат

депутаттарының кезектен тыс сайлауын

дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі

іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын

бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы № 60/98 қаулысына сәйкес Осакаров ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Осакаров аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін..

2. Бекітілген Күнтізбелік жоспарды Осакаров аудандық мәслихаты депутаттарын бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайлауды ұйымдастыру және өткізу үшін аудандық округтік сайлау комиссияларына жолдау.

3. Осы қаулы Осакаров ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парағында орналастырылсын.

 

 

Комиссия төрағасы                                          Д. Мулдагалиева

 

          Комиссия хатшысы                                          О. Алишева

Дата публикации
13 октября 2026