Қарағанды облысы Осакаров ауданы аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

Қарағанды облысы Осакаров ауданы аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

Қарағанды облысы Осакаров ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-1-бабының 1,3-тармақтарына, Қарағанды облысы Осакаров ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 30 қыркүйектегі №59 қаулысына сәйкес, Қарағанды облысы Осакаров ауданының Озерный ауылдық округі әкімінің сайлауы 2026 жылғы 8 қарашаға тағайындалғанын хабарлайды.

Әкім болуға кандидаттарды ұсыну 2026 жылдың 1 қазанынан басталып, 2026 жылдың  13 қазанында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

Әкім болуға кандидаттарды тіркеу мерзімі барлық қажетті құжаттар ұсынылғаннан кейін басталады және 2026 жылдың 18 қазанында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

Сайлау алдындағы үгіт 2026 жылдың 18 қазанында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2026 жылдың 7 қарашасында жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

Барлық сұрақтар бойынша төмендегі мекен-жайға хабарласуға болады: Осакаровка ауданы, Осакаровка кенті, Школьная көшесі, 111. Байланыс телефоны: 8 (72149) 42076.

Қарағанды облысы Осакаров ауданының

аумақтық сайлау комиссиясы

Осакаров ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 21 қыркүйектегі № 59 қаулысы
Дата публикации
30 сентября 2026