Қарағанды облысы Осакаров ауданы аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ
Қарағанды облысы Осакаров ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-1-бабының 1,3-тармақтарына, Қарағанды облысы Осакаров ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 5 тамыздағы №37 қаулысына сәйкес, Қарағанды облысы Осакаров ауданының Қаратомар, Николаев және Родников ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2026 жылғы 13 қыркүйекке тағайындалғанын хабарлайды.
Әкім болуға кандидаттарды ұсыну 2026 жылдың 6 тамызынан басталып, 2026 жылдың 18 тамызында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
Әкім болуға кандидаттарды тіркеу мерзімі барлық қажетті құжаттар ұсынылғаннан кейін басталады және 2026 жылдың 23 тамызында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
Сайлау алдындағы үгіт 2026 жылдың 23 тамызында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2026 жылдың 12 қыркүйегінде жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
Барлық сұрақтар бойынша төмендегі мекен-жайға хабарласуға болады: Осакаровка ауданы, Осакаровка кенті, Школьная көшесі, 111. Байланыс телефоны: 8 (72149) 42076.
Қарағанды облысы Осакаров ауданының аумақтық сайлау комиссиясы