«Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі

«Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Әкім аппараты) Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкiмінiң және әкімдігінің қызметiн ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

«Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі
Дата публикации
30 октября 2017