Қазақстан Республикасы "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 10-3-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 16-5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 246 «Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу тәртібін бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20536 болып тіркелген) сәйкес, Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Осакаров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Осакаров ауданының әкімі Р.Нурмуханбетов
|
Осакаров ауданы әкімдігінің 2026 жылғы «___» ___________ № ______/______ қаулысына қосымша |
Осакаров ауданында көппәтерлі тұрғын үйдің күрделі жөндеуіне байланысты пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлар меншік иелері тарапынан қаражаттың қайтарымдылығын қамтамасыз ету
қағидаларын бекіту туралы
1 тарау. Жалпы қағидалар
1) кондоминиум объектісі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, орынтұрақ орындарынан, қоймалардан және дара (бөлек) меншікте болмайтын және пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелеріне көппәтерлі тұрғын үй тұрған біртұтас бөлінбейтін жер учаскесін және (немесе) үй жанындағы жер учаскесін қоса алғанда, ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен;
2) кондоминиум объектісін басқару – пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің қауіпсіз және жайлы тұру (болу) жағдайларын қамтамасыз етуге, сондай-ақ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін тиісінше күтіп-ұстауға, оны пайдалану тәртібін реттеуге, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынуды ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралар кешені;
3) көппәтерлі тұрғын үй - ортақ үлестік меншік болып табылатын кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінен және көппәтерлі тұрғын үйге іргелес жатқан жер учаскесіне не кондоминиум объектісі ортақ мүлкінің өзге де бөліктеріне дербес шығатын жерлері бар екі және одан көппәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан тұратын, біртұтас бөлінбейтін жер учаскесінде біртұтас іргетасы бар жеке тұрған ғимарат;
4) көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысы (бұдан әрі – жиналыс) – кондоминиум объектісін басқаруға байланысты шешімдерді ұжымдық талқылауды және (немесе) қабылдауды қамтамасыз ететін кондоминиум объектісін басқарудың жоғары органы.
2-Тарау. Көппәтерлі тұрғын үйдің күрделі жөндеуіне
байланысты шығындарды пәтерлер мен тұрғын емес
үй-жайлар меншік иелерінің өтеу тәртібі.
1) көппәтерлі тұрғын үйлердің пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің күрделі жөндеуге байланысты шығындарды өтеу шартымен қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз етуге келісу немесе келіспеу мәселесі бойынша меншік иелерінің жиналысын ұйымдастыру;
2) көппәтерлі тұрғын үйлердің пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерін (олар болған жағдайда) жоспарланған жұмыстар және оларды жүргізудің болжамды мерзімдері туралы хабардар ету.
Мамандандырылған уәкілетті ұйым «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен айқындалады.