РОДНИКОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ШЕШІМІНІҢ ЖОБАСЫ «Осакаров ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне электр беру желілерін салу үшін жер учаскесіне жария сервитут белгілеу туралы

В соответствии со статьями 19, 69, 71-1 Земельного кодекса Республики Казахстан, статьями 35, 37 Закона Республики Казахстан «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» аким Родниковского сельского округа РЕШИЛ:

  1. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19, 69, 71-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35, 37-баптарына сәйкес, Родников ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

    1. Осы шешімге қосымшаға сәйкес, «Осакаров ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне биіктігі 20 метрлік антенна-діңгек құрылысы объектісіне электр беру желілерін салу үшін Қарағанды облысы, Родников ауылдық округі, Қарасу ауылының аумағында орналасқан жалпы алаңы 0,5 гектар жер учаскесіне оны алып қоймай, 4 жыл 11 ай мерзімге жария сервитут белгіленсін.
    2. «Осакаров ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға келтірілген шығындарды толық көлемде өтеу қажет. Шығындардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен айқындалсын.
    3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
    4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

     

    Родников ауылдық округінің әкімі                              Е. Сексенбай

     

     

     

     

     

     

     

    Орынд.. Туяков Ж,

    87214832145

     

Дата публикации
02 июня 2026