«Қарағанды облысы Осакаров ауданы Родников ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Осакаров ауданы Родников ауылдық округі әкімінің «Осакаров ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне электр беру желілерін салу үшін жер учаскесіне жария сервитут белгілеу туралы» шешімінің жобасын (бұдан әрі – шешім жобасы) әзірледі.
Осы шешімнің жобасын әзірлеудің мақсаты Қарағанды облысы Осакаров ауданы Родников ауылдық округі Қарасу ауылының аумағындағы жалпы алаңы 0,5 гектар жер учаскесінде биіктігі 20 метрлік антенна-діңгек құрылысы объектісіне электр беру желілерін салу үшін «Осакаров ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 4 жыл 11 ай мерзімге жария сервитут белгілеу болып табылады.
Шешім жобасы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19, 69, 71-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35, 37-баптарына сәйкес әзірленді.
Шешім жобасы 2026 жылғы 2 маусымда Қарағанды облысы Осакаров ауданы Родников ауылдық округі әкімдігінің сайтында орналастырылды.