БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің «Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» шешім жобасына

Осакаров ауданы әкімінің «Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» шешім жобасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес әзірленді.

Қазіргі уақытта Осакаров ауданының сайлау учаскелерінің тізбесіне өзгерістер енгізу қажеттілігі туындап отыр, атап айтқанда:

  • № 565 сайлау учаскесін (Сарыөзен ауылы) тарату;
  • Сарыөзен ауылын Ошаганды ауылында орналасқан № 562 сайлау учаскесінің қызмет көрсету аумағына енгізу.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 408 бұйрығымен бекітілген Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесіне сәйкес, аталған шешім мемлекеттік тіркеуге жатпайды (12-тармақ — қандай да бір қызмет түрін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілері).

Алайда, бастапқы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткендіктен, оған мемлекеттік тіркеуден өткізбей өзгерістер енгізу заңнама талаптарына қайшы келеді. Осыған байланысты қолданыстағы нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп тану және мемлекеттік тіркеусіз «Осакаров ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» жаңа шешім қабылдау қажеттілігі туындайды.

Осы жобаның мақсаты Осакаров ауданы әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес келтіру, сондай-ақ аудан аумағындағы сайлау учаскелерінің тізбесін өзектендіру болып табылады.

Осы шешімді қабылдау қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.

Осакаров ауданы әкімінің шешім жобасы «Ашық НҚА» порталында орналастыруға жатпайды.

Осакаров ауданы әкімінің шешім жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

 

Дата публикации
28 мая 2026