«Осакаров ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» Осакаров ауданының әкімі шешімінің жобасы БАСПАСӨЗ РЕЛИЗ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес дауыс беруді өткізу және дауыстарды санау үшін аудандарда тиісті әкімдердің шешімдерімен аумақтық сайлау комиссияларымен келісу бойынша сайлау учаскелері құрылады.

Жоба Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасы және нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді сәйкестендіру мақсатында әзірленді.

Бұрын қолданыста болған сайлау учаскелерін құру туралы шешім нормативтік құқықтық акт ретінде әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен.

Қазіргі уақытта осы санаттағы шешімдер әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайды.

Осыған байланысты бұрын қолданыста болған актілердің күші жойылды деп тануды бір мезгілде көздейтін жаңа шешім жобасы қабылданды.

Жоба жергілікті бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.

Шешім жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыруға жатпайды.

 

Дата публикации
28 мая 2026