ПРЕСС-РЕЛИЗ Осакаров ауданы әкімдігінің «Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» қаулысының жобасына

Осакаров ауданы әкімдігінің «Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» қаулысының жобасы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес әзірленді.

Қазіргі уақытта Осакаров ауданы аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарына, атап айтқанда Молодежный кентіндегі орынды өзгерту бөлігінде өзгерістер енгізу қажеттілігі туындап отыр.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 408 бұйрығымен бекітілген Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесіне сәйкес аталған қаулы мемлекеттік тіркеуге жатпайды (12-тармақ — қандай да бір қызмет түрін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілері).

Алайда бастапқы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткендіктен, оған мемлекеттік тіркеусіз өзгерістер енгізу заңнама талаптарына қайшы келеді. Осыған байланысты қолданыстағы нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп танылып, мемлекеттік тіркеусіз «Осакаров ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын айқындау туралы» жаңа қаулыны қабылдау қажеттілігі туындап отыр.

Осы жоба қабылдаудың мақсаты Осакаров ауданы әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкестендіру, сондай-ақ аудан аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын өзектендіру болып табылады.

Аталған қаулыны қабылдау қаржылық шығындарды талап етпейді.

Осакаров ауданы әкімдігі қаулысының жобасы «Ашық НҚА» порталында орналастыруға жатпайды.

Осакаров ауданы әкімдігі қаулысы жобасының қабылдануы теріс әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

 

 

Дата публикации
14 мая 2026