
Аудандық бюджет бойынша өз кірістерінің орындалуы 1 млрд. 031 млн. 695 мың теңгені құрады немесе 2018 жылғы деңгейден 110% жоғары (934 млн. теңге), 97 млн. теңге сомасында асыра орындалды.
2019 жылы бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуы жоспарға 100% немесе 7 млрд.257 млн. теңгені құрады.
Негізгі экономикалық көрсеткіштердің өсуін сақтау аудан бюджетіне салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің тұрақты түсуін қамтамасыз етті.
Қазіргі уақытта іске асырылып жатқан реформалар дербес бюджетті құруға, коммуналдық меншіктің бір бөлігін жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қарамағына беруге және тиісінше бюджеттік процесс пен коммуналдық меншікті басқарудағы олардың өкілеттіктерін кеңейтуге бағытталған.
Осыған байланысты 2 кентте және 2 ауылдық округте мемлекеттік бюджеттің 4 деңгейі ретінде дербес бюджет енгізілді, ал 2020 жылдан бастап ол барлық жерде енгізілетін болады.
Жергілікті өзін-өзі басқару бойынша қолма-қол ақшаны бақылау шоты бойынша шығыстар 40 млн. 398 мың теңгені құрады. Ақшалай қаражат елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыруға, көшені жарықтандыруға, жолдарды күтіп ұстауға, су тасқынына қарсы іс-шараларды және т. б. өткізуге бағытталды.
Бюджет қаражатының белгілі бір бөлігі өткір проблемалардың бірі – кадрлардың жетіспеушілігін шешуге бағытталған. Бұл мәселені шешу мақсатында ауданда «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы жүзеге асырылуда.
2019 жылы әлеуметтік қолдаудың келесі шаралары қарастырылды:
- 55 әлеуметтік сала маманына 9 млн. 721 мың теңге сомасында көтерме жәрдемақы берілді (30 білім беру маманына – 5 млн. 302 мың теңге, 20 денсаулық сақтау маманына – 3,5 млн. теңге, 1 мәдениет маманына – 176 мың теңге, 1 агроөнеркәсіптік кешен маманына – 176 мың теңге, 3 әлеуметтік қамсыздандыру маманына – 530 мың теңге);
– әлеуметтік саланың 43 маманына 147 млн.712 мың теңге сомасында бюджеттік кредит берілді (25 білім беру маманына – 88 млн. 116 мың теңге, 15 денсаулық сақтау маманына – 49 млн. 376 мың теңге, 3 әлеуметтік қамсыздандыру маманына-10 млн. 219 мың теңге).