Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Білім беру

Еліміздің және ауданымыздың болашағы -  балалардың бойына сіңірген білім мен тәрбиеге байланысты екені баршамызға аян. Сол себепті, жоғары сапалы және қолжетімді білім берудің барлық деңгейі және түрлерін қамтамасыз ететін замануи және қауіпсіз білім ортасын құруға аса назар аударамыз.

Мектепке дейінгі білім беру 5 балабақша (735 бала) және 30 шағын орталықта (697 бала) жүзеге асырылады. Ауданымыздың 1 жастан 6 жасқа дейін 1694 бала. Мектепке дейінгі жастағы балалардың жалпы санынан қамтылғаны -99,9 %. 30 шағын орталықтың толық күнге ауысқаны 20 (66,6%).

Осакаров ауданында 4900 оқушымен қамтылған 25 жалпы білім беру мектептері, 10 негізгі және 3 бастауыш мектеп жұмыс істейді. Ауданда апатты мектептер жоқ, оқушылардың 80% бір ауысымда оқиды.

Ауданның басты міндеттерінің бірі – аудан тұрғындарының қолжетімді және сапалы мектепке дейінгі, жалпы және қосымша білім беруді тұтынуды қамтамасыз ету. Білім беруді дамыту үшін қажетті мемлекеттік бюджет шығынының көлемі жыл сайын артуда.

Ауданның білім беру жүйесін қаржыландыру 3,7 млрд.теңгені құрайды, соңғы үш жылда ауданның білім беру жүйесін субсидиялаудың жалпы көлемі 678 миллион теңгеге артқан.

Ауданда барлығы 836 педагог: жоғары біліммен – 644 (77%), (2018 жылы -54%), арнаулы орта – 191 (23%), орта біліммен – 1 педагог.

Жаңа формат бойынша аттестаттаудан  өткен – 332 педагог. Тілдік курстан 8 мұғалім өтті. 2018-2019 оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап                    8-сынып оқушыларын үш тілде оқыта бастады.

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курсты барлығы 544 (65%) мұғалім өткен. Елбасы тапсырмасына сәйкес аудан педагогтарының барлығы жаңартылған білім беру мазмұнымен оқытқаны үшін лауазымдық жалақыларына 30% үстемақы алып отыр.

Бүгінгі таңда ауданда 29 шағын жинақты мектептер бар, ол 76,3 % құрайды. Педагог кадрлардың жетіспеушілігі 27 вакансияны құрайды.

2014 жылдан бастап Осакаровка к. № 9 гимназия базасында ресурстық орталық жұмыс істейді. 2017 жылдан бастап Осакаровка кентінің № 1 ОМ, № 12 ОМ, Молодежный кентінің № 23 ОМ, № 26 ОМ базасында ресурстық орталықтар ашылды.

Тірек мектептеріне барлығы 26 шағын жинақты мектептер (89,6%) бекітілген.

2018 жылдың 1 қарашасынан бастап оқушыларды кәсіби оқыту, еңбек тәжірибесіне баулу мақсатында Трудовое а.№15 ОМ базасында оқу-өндірістік комбинат өз жұмысын бастады. ОӨК жақын орналасқан мектептердің 8-11 сыныптардың 117 оқушысы бес бағыт бойынша оқытылады: механизация, мал шаруашылығы, дәнекерлеу ісі, токарь, тамақ өнімдерін әзірлеу технологиясы. Емтихан қорытындысы бойынша түлектер «Трактор. Ауыл шаруашылық машинасы» курсы (8 адам), «Ауыл шаруашылық техникасын жүргізу куәлігі» курсы (4 адам), «Аспазшы ісі» бойынша курсы (6 адам), «Қоғамдық тамақтандырудың кез келген орнында аспазшы ісін жүргізу құқығы» курсы бойынша куәліктерін (4 адам) алды.

Бүгінгі таңда компьютерлік паркте 1373 компьютер бар, қамтылу көрсеткіші 1 компьютерге 3,8 оқушыдан (2018 жылы 1 компьютерге – 3,6 – 1266)  келеді. Робототехника кабинетінің саны 5-тен 7-ге артты.

«Нұр Отан» партиясының 10 әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру аясында 6 мектепте IT  сыныптар ашылды.

Жаппай оқыту қорын қаржыландыру 2019 жылы -74 млн.теңгені құрады (2018 жылы – 52 млн.теңге). Тегін тамақпен барлығы 1379 оқушы қамтылған.

Аз қамтылған отбасы балалары үшін қала сыртындағы лагерьлерге жолдама сатып алуға – 2 млн. теңге (2018 жылы – 2 млн. теңге) бөлінді, жазғы демалыс және сауықтырумен барлығы 3876 не болмаса 84% бала қамтылды.

Документы
Новости
Полезные материалы
Білім беру
Медиагалерея
1
«Нұрай» балабақшасы
1
Тың бастамалар нәтижесін беруде
События
04 ноября
Білім бөлімнің басшысы тікелей эфир
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы